Бокс

Ресейлік боксшы Сергей Ковалев АҚШ-та қамауға алынды

  • Сергей Ковалев / Фото: © Getty Images

    Сергей Ковалев / Фото: © Getty Images

Жартылай ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Сергей Ковалев (34-4-1, 29 КО) АҚШ-та қамауға алынды. Ол мас күйде автокөлік жүргізген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

 

Калифорния қаласының полициясы шамамен түнгі сағат екіде Ковалевтың автокөлігін тоқтатқан. Тәртіп сақшысы боксшының мас күйде екенін болжап, оны тұтқындап, жақын жердегі учаскеге жеткізген.

 

Әзірге оның медициналық тексеруден өткен-өтпегені белгісіз. Шамамен таңғы сағат 07:35-те бұрынғы әлем чемпионы ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

 

Бұл Ковалевтың АҚШ-та заң бұзып, көзге түскен бірінші оқиғасы емес. 2018 жылы модель және актриса Джейми Фронтц боксшыға сауық кешінен кейін онымен интимді қарым-қатынасқа түсуден бас тартқаны үшін өзін жарақаттады деп айып таққан болатын. Ал 2019 жылы ресейлікті ұшақта орынсыз мінез-құлық танытқаны үшін рейстен түсіріп алған еді.

 

Еске сала кетейік, Сергей Ковалев өзінің соңғы жекпе-жегінде Сауль "Канело" Альвареске (53-2-1, 36 КО) нокаутпен жеңілген болатын. Осылайша, мексикалық боксшы төртінші салмақ санатында әлем чемпионы атанған еді.

 

Ресейлік экс-чемпион 25 сәуірде ринге оралады деп күтілуде. Ол бірінші ауыр салмақта жекпе-жек өткізбек.

 




Көрілген: 1006    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.02.2020, 09:12

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31