Рингке былтыр шыққан боксшы атақты Тайсонның рекордына жетті

21 тамыз 2023, 11:02

Пуэрториколық боксшы Хесус Эскалера (16-0, 16 КО) АҚШ-тың Билокси қаласында өткен бокс кешіне қатысып, 47 жастағы бразилиялық Марсело Леандро Да Силваны (23-5, 18 КО) нокаутқа түсірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Ең ауыр салмқатағы жекпе-жек 12 раундқа есептелген болатын, бірақ Эскалера қарсыласын екінші раундта-ақ құлатты. Бұл айқаста UBO титулы сарапқа салынған еді.

 

Осылайша, Хесус Эскалера кәсіпқой карьерасында он жеті жекпе-жегінің бәрінде жеңіске жетті және қарсыластарының түгелін нокаутқа түсірді. Осы жеңіс арқасында ол әйгілі Майк Тайсонның 1989 жылы қойған рекордын қайталады.

 

Эскалера кәсіпқой карьерасын 2022 жылы бастапты. Ол 13 жекпе-жегін биыл өткізді. Енді 59 күнде тағы бір жекпе-жекке шығып, нокаут жасаса, Тайсоннан асып түседі. 

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz