Риота Мурата Головкинге хабарлама жіберді

20 мамыр 2022, 18:07

Жапониялық кәсіпқой боксшы Риота Мурата (16-3, 13 КО) Қарағанды бокс мектебінің түлегі Геннадий Головкинге (42-1-1, 37 КО) хабарлама жіберді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Сәуір айында Головкин Сайтамадағы айқаста Муратамен қолғап түйістіріп, уақытынан бұрын жеңген еді.

 

"Facebook маған осыдан жеті жыл бұрын Лос-Анджелеске арнайы барып Головкиннің жекпе-жегін көргенімді еске салып жатыр. Осы уақытқа дейін бабыңыздан таймай, бәріне құрметпен қарайтын жауынгер болғаныңыз үшін рақмет", - деп жазды Мурата.