"Сабап тастағанын қаламаймын". Экс чемпион "Канело" - Головкин айқасы жақсылықпен бітпейтінін айтты

13 сәуір 2022, 11:45

Бірінші ауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Тони Беллью 40 жастағы Геннадий Головкинге (42-1-1 37 КО) Сауль "Канело" Альвареспен (57-1-2, 39 КО) үшінші рет жұдырықтасудан сақтану керек деген ойда, деп хабарлайды vRINGe.com порталы DAZN-ға сілтеме жасап. Бұл туралы vesti.kz тілшісі жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Бұл ойға ол Головкин - Мурата айқасын көргеннен кейін келіп отыр.

 

"Канеломен" үшінші жекпе-жек алдында GGG үшін жақсы сынақ болды. Ол осал көрінді, қартайған, мықты панчер деуге келмейтін жігіт оны тықсырып жүрді. 

Егер оның орнында болсам, Альвареске қайта жақындамас едім.

Меніңше, мұның арты жақсылықпен бітпейді. Жас ешкімді аямайды, бұл анық көрінді. GGG бұрынғы емес және "Канело" оны сабап тастағанын қаламаймын. Сауль іріленіп, қатты күшейіп алды. Мұның бәрі үшінші айқаста әсерін береді", - дейді ол.