Сабырхан қарсыласын оңдырмай сабады

20 қаңтар 2023, 18:33

Қазақстандық боксшы Сабырхан Махмұт 22 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалына өтті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Ширек финалда 57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы малазиялық Акмаль Мухамадты жеңді.

 

Жекпе-жек кезінде Сабырхан қарсыласын бірнеше рет нокдаунға түсірді. Осыған байланысты төреші малазиялықтың таяқ жеуін тоқтатуды ұйғарды.

 

Осылайша, техникалық нокаутпен жеңіске жеткен Сабырхан Махмұт кемі қола жүлдеге ілігіп отыр.