Санатәлі Төлтаев Ташкенттегі ӘЧ-де кәсіпқой боксшыны жеңді

03 мамыр 2023, 08:08

Қазақстандық боксшы Санатәлі Төлтаев Ташкентте өтіп жатқан ӘЧ-де бірінші жекпе-жегінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

63,5 келіде өнер көрсететін Төлтаев 1/32 финалда израильдік Ахмад Штивимен жұдырықтасты. Штиви кәсіпқойдада да өнер көрсетіп жүргенін айта кетейік. Оның кәсіпқой рингтегі рекорды 8-0 (6 КО).

 

Екі боксшы да жақсы жекпе-жек көрсетті. Алайда үш раунд қортыныдсы бойынша төрешілер жеңісті Санатәліге берді.

 

Еске салайық, Төлтаев Азия чемпионатының қола жүлдегері.