Бокс

Санчес Головкиннен не үшін бас тартқанын түсіндірді

  • © AP Photo / Damian Dovarganes

    © AP Photo / Damian Dovarganes

Геннадий Головкин бапкер Абель Санчеспен бұдан былай жұмыс істемейтінін мәлімдеген болатын. Қазақстандық боксшыны тоғыз жыл жаттықтырған америкалық бапкер бұл ақпаратты растады.


Санчестің айтуынша, Головкин оның қызмет ақысының көлемін қайта қарауға шешім қабылдаған. Ал бапкер жаңа ұсыныс менің намысыма тиді әрі тиімсіз деп отыр.


"Бүгіннен бастап Геннадий Головкинмен жұмыс істемеймін", – деді Санчес баспасөзге.


– Тоғыз жылда рекордтар орнатуына және DAZN компаниясымен алты жекпе-жекке 100 миллиондық келісімшарт жасауына жағдай жасадым, Бокс даңқы залының болашақ мүшесінің карьерасын дамытуға көмектестім, осыдан кейін ол бапкерлік қызметім үшін мені қорлайтын жаңа өтемақы схемасын қабылдауды ұсынды және талап етті. Мұндай ұсынысты қабылдауға менің ар-намысым жібермеді. Өкінішке қарай, сараңдық, жақсылықты білмеу және этиканың, құрметтің немесе адалдықтың болмауы қарым-қатынасымызды тоқтатуға әкелді".


Санчес бапкерлік еңбегіне қанша ақы алып келгенін айтқан жоқ, алайда Los Angeles Daily News-ке телефон арқылы Головкиннің гонорарының 10 поцентін алғанын хабарлаған, боксшы бұдан едәуір аз сома ұсынған. Боксшының өкілі Том Леффлер бұл жағдайға түсініктеме беруден бас тартты, деп хабарлады Sports.kz.


 Sputnik




Көрілген: 869    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.04.2019, 10:02

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30