Сарапшы Головкинмен жекпе-жекте "Канелоның" жеңілмеу сырын ашты

27 қазан 2020, 15:02

FightSpace жобасының негізін қалаған Григорий Стангрит мексикалық Сауль "Канело" Альварестің еш жеңілмеу сырын ашты. Vesti.kz конференциясында ол үлкен жекпе-жектерде тек қыруар ақша жинайтын боксшы жеңетінін айтады.

 

Ол "Канелоның" қазақстандық Геннадий Головкинмен болған екі жекпе-жегін мысалға келтірді.

 

"Менің айтқаным - ол пікір ғана. Кей адамдар екі жекпе-жекте де "Канело" жеңді деп ойлайды. Бокста әрдайым осылай болып келген - мегафайтта әдетте қыруар ақша жинайтын боксшы жеңеді. "Канело" -  әлемдік бокстың басты жұлдызы, ол үлкен табыс әкеліп тұрғанда оның жеңілуіне жол бермейді", - дейді Стангрит.

 

"Канело" мен Головкин екі рет жұдырықтасқан. 2017 жылы боксшылар тең түсті, ал 2018 жылы GGG төрешілер шешімімен жеңілді.