Бокс

Сарапшы Жүкембаевты сынға алды

  • © Vesti.kz

    © Vesti.kz

Канадалық thefightcity.com порталының шолушысы Захари Алапи Vesti.kz тілшісіне қазақстандық Батыр Джукембаевтың (15-0, 12 КО) он бесінші жеңісіне қатысты пікір білдірді. Сұхбат барысында ол қазақстандықтың неге селқос болғанын айтты.


Өткен демалысты Жүкембаев мексикалық Хилберто Месамен (10-6-1, 6 КО) сегіз раундты жекпе-жек өткізіп, төрешілер шешімімен жеңді.


"Батырда алты ай үзіліс болды. Eye of the Tiger компаниясымен қоштасуға жақын сияқты. Құйындай Жүкембаев Месамен жұдырықтасқанда сылбыр болды. Жеңіс анық, дегенмен, қарсыласына көп еркіндік берді. Мексикалық кей соққыларын өткізе алды. Бір жағынан Меса ыңғайсыз боксшы. Ол әрбір жекпе-жегінде қарсыластарына қолайсыздық тудырады.


Жүкембаевқа не әсер еткенін айту қиын, бірақ, бұл жекпе-жекте ол әсер қалдырмады. Мүмкін өткен кездесудегі нокдаун мен промоутермен қатынастағы қиындықтаға байланысты селқос жүрген болар", - дейді Алапи.


Айта кетейік, америкалық промоутерлер Жүкембаевқа қызығушылық танытқан болатын. Боксшының менеджері Анна Рева биылдан қалмай америкалық нарыққа шығу жоспары туралы мәлімдеді.


Кәсіпқой карьерасын Жүкембаев 2015 жылдың қыркүйегінде бастаған, барлық жекпе-жегі Канададад өтті. 




Көрілген: 478    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.03.2019, 16:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30