Сарапшы Қазақ боксшысының өзбек нокаутшыдан жеңілуіне қатысты пікір білдірді

29 тамыз 2023, 13:03

Бокс туралы жазатын америкалық журналист Джек Маккаферри Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазқастандық Нұрсұлтан Аманжоловтың (5-1, 4 КО) өзбекстандық Лазизбек Муллажоновтан (4-0, 4 КО) жеңілгеніне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Польшаның Варцлав қаласындағы бокс кешінің андеркардындағы бұл жекпе-жек алты раундқа есептелген еді, алайда біріншісінде-ақ техникалық нокаутпен аяқталды.

 

"Төреші шешім шығаруға асыққан сияқты. Дегенмен видеоны қарап отырсаңыз қазақстандық боксшы қарсыласының соққыларына еш жауап бермеді. Оның үстіне жекпе-жекті тоқтатқан сәтте есеңгіреп тұрды. Ерте ме, кеш пе айқасты тоқтату керек болар еді.  

Боксшылардың дайындығы мен деңгейлерінің айырмасы үлкен болды. Өзбек боксшы қарсыласынына барлық жағынан жоғары тұрды", - дейді Маккаферри.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz