Сауль Альварес әлем чемпионымен айқаста Головкиннен не күтетінін айтты

03 наурыз 2022, 11:48

Суперорта салмақта абсолют чемпион Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен жапониялық Риота Мурата (16-2, 13 КО) арасындағы жекпе-жектен не күтетінін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

 

Қазақстандықтың IBF, IBO жіне жапониялықтың WBA Super белбеуі үшін айқас 9 сәуір Сайтамада өтеді. Жеңіске жеткен жағдайда Головкин қыркүйекте "Канеломен" жұдырықтасады.

 

- Головкин (Муратаны) жеңеді деп ойлайсың ба?

 

- Соған үміттенемін, - дейді Альварес журналистермен сұхбат барысында.

 

<iframe width="500" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/ldKM9DPhfPQ" title="YouTube video player" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>