Бокс

Сауль Альварес Головкинмен үшінші жекпе-жек жайлы мәлімдеме жасады

  • © Sport.ua

    © Sport.ua

Орта салмақта WBC, WBA (Super) чемпионы Сауль "Канело" Альварес (51-1-2, 35 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-1-1, 34 КО) үшінші рет жұдырықтасуға дайын екенін тағы қайталады. Боксшының сөзін BoxingScene.com келтіріп отыр.


"Төрешілер шешімін сыйлаймын. Бұл адамдар өз ісін оқып үйренеді, дайындалады. Ал мен өз ісіме дайындалуым қажет - рингке шығып, жұдырықтасуға.


Үшінші жекпе-жек мүмкіндігі бар, яғни, бұл болады. Үшінші рет жұдырықтасуға әрқашан ашықпын, неге болмасқа. Екі рет тамаша айқастық. Алайда трилогия болмай қалса, қорқынышты ештеңе жоқ. Мықтылармен жұдырықтасып, өз тарихымды ары қарай жаза беремін", - дейді Альварес.


Айта кетейік, "Канело" 4 мамырда рингке оралып, IBF чемпионы Дэниэл Джейкобспен жұдырықтасады. Америкалық боксшы Головкинмен де жекпе-жек өткізген еді. 2017 жылы наурызда Нью-Йоркте Джейкобс Головкинге қарсы 12 раундқа шыдаған алғашқы боксшы атанды. Сол кездесуде Головкин төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын. 


kaz.vesti.kz




Көрілген: 405    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.03.2019, 15:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30