Бокс

"Шыны керек, ақша үшін шықтым". Алғаш рет мерзімінен бұрын жеңілген қазақстандық оқиғаның мән-жайын айтты

  • Асхат Уалиханов. © Top Rank

    Асхат Уалиханов. © Top Rank

Қазақстандық боксшы Асхат Уалиханов карьерасындағы мерзімінен бұрынғы алғашқы жеңілісіне қатысты пікір білдірді - деп хабарлайды Vesti.kz.


Филадельфияда өткен бокс кешінде қазақстандық алтыншы раундтан кейін рингке шыға алмай, Хосе Лопес жеңіске жетті. Жекпе-жектен кейін Уалиханов ауруханаға түсіп қалды.


"Салмақ өлшеуден кейін өзімді жақсы сезінгенмін, сол кезде жариялаған видеом да бар. Аурудың бәрі кешке басталады демекші, түнге қарай қызуым бір көтеріліп, біресе денем мұздады. Қасымда Мадияр Әшкеев болды, ол да менімен бірге түнімен ұйықатамды.


Менеджер жекпе-жекке шықпай-ақ қой дегенімен, келісімшартқа қол қойғандықтан, жұдырықтаспасам гонорарымды алмай қалар едім. Ал мұнда мен өз күнімді өзім көріп жатқандықтан қаржы керек. Ешқандай бай туысым жоқ, ата-анамда, өзге де туыстарым қарапайым.


Маған қолдау білдіргендерге алғысымды білдіремін. Мін айтқандар да болды, олар боксты түсінбейтін адамдар. Сынаушыларға айтарым - алдымен мен жүрген жолмен өтіп көріңіздер", - дейді боксшы.


Еске салайық, 28 жастағы қазақстандық карьерасында екінші рет жеңіліп тұр, бұл жолы мерзімінен бұрын. Сондай-ақ, боксшы төрт рет жеңіске жеткен. Уалиханов Top Rank компаниясымен келісімшартта. 




Көрілген: 827    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.04.2019, 17:41

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31