Бокс

"Соттасып жатырмыз". Оскар Де Ла Хойя "Канелоның" командасынан кетуіне қатысты пікір білдірді

  • Сурет: karate.ru

    Сурет: karate.ru

Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің командасынан кеткенін ресми мәлімдеді.

 

"Соттасып жатырмыз. Сот процессі екі жақтың қалауы бойынша басталды. Біз "Канелоға" тек сәттілік тілейміз. Енді назарымызды Райан Гарсия, Хайме Мунгиа және Вирджил Ортис секілді боксшыларға аударамыз. Бұл боксшылардың барлығы да чемпион бола алады. DAZN компаниясымен бірлесіп, енді осы жігіттермен жұмыс істейміз", - деді Де Ла Хойя.

 

Еске салайық, қыркүйек айының басында Альварес GBP және DAZN компанияларына 208 миллиондық шағым түсірген болатын. Сауль 2019 жылы рингтке шықпағанына көңілі толмай, сотқа арызданды.

 

Дереккөздің ақпараты бойынша, енді "Канело" шаршы алаңға 19 желтоқсан шығуы мүмкін. Оның қарсыласы супер орта салмақта IBF чемпионы Калеб Плант болуы ықтимал деген ақпарат бар.

 

 

kaz.vesti.kz




Көрілген: 646    Пікірлер: 0

жексенбі, 08.11.2020, 11:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31