Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

"Сұмдық, нағыз құбыжық". Шетелдік сарапшы қазақстандық нокаутшы туралы

27 мамыр 2022, 18:50

Ауыр салмақтағы Жан Кособуцкийдің (18-0, 17 КО) франциялық Жоан Дюопаны (39-7, 26 КО) жеңуі Bild шолушысы Ральф Шмидтті тамсандырды. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында сарапшы қазақстандық боксшының болашағы туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

"Кособуцкий - нағыз құбыжық. Оның кезекті жеңісі жарқын әрі қатал болды. Дюопа өзін шыдамды және жақсы боксшы ретінде көрсетті, бірақ, қазақстандықтың соққыларына төтеп беру мүмкін емес еді. Жоан бұл жекпе-жек өте ауырға түскенін айтып, карьерасын аяқтады. Бұл қазақстандықтың сұмдық қуатының көрсеткіші емес пе? Енді ол элиталы қарсыластармен шыға алады. Егер бәрі жақсы болса, Жан келесі жылы чемпиондық айқасқа шыға алады деген ойдамын", - дейді Шмидт.