Бокс

Суперауыр салмақ чемпионы Головкин мен Елеусіновтің промоутерін рингте сабап алмақ

  • © Sportbox

    © Sportbox

Суперауыр салмақта WBC чемпионы британиялық Тайсон Фьюри (30-0-1, 21 КО) промоутер Эдди Хирнді рингте жұдырықтасуға шақырды, - деп хабарлайды ToFight.ru.

 

40 жастағы Хирн суперауыр дивизионда Фьюриге қарсылас атанып жүрген WBA (Super), WBO, IBF және IBO титулдарына ие Энтони Джошуа (23-1, 21 КО) мен Диллиан Уайттың (27-1, 18 КО) промоутері.

 

Хирн кезінде бразилиялық джиу-джитсумен айналысқаны бар екен.

 

"Жаттығып жатырмын, Эдди Хирнді жекпе-жекке шақырмақпын. Ол мен сияқты мықты, ауыр салмақта. Оның Куган Кассиусқа (журналиста IFL TV) қарсы қалай қозғалғанын көрдім. Эдди жақсы жұдырықтасады деп ойлаймын. Сонымен, Эдди мен саған бара жатырмын! Қоңырау шалғанымды күт.

 

Басқа промоутерлер - Боб Арум, Фрэнк Уоррен - қартайған. Ал екеуміздің дене бітіміміз бен жасымыз да шамалас. Мен дайынмын Хирн! Джошуа, Уайт немесе басқа боксшыларың туралы ойлама. Сен және мен Сауд Арабиясында, сол жерде ұйымдастырайық", - дейді Фьюри Instagram желісіндегі тікелей эфирде.

 

Айта кетейік Хирн қазақстандық боксшылар Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) және Данияр Елеусіновтің (9-0, 5 КO) де ісін жүргізеді. 

 

kaz.vesti.kz




Көрілген: 477    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.06.2020, 12:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қазан, 14:16
    Головкинге не болды?
    28 Қыркүйек, 08:35
    Бокс. Әлемдік үздік ондық

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31