"Сындырамын": Биволдың келесі қарсыласы мәлімдеме жасады

06 қазан 2022, 15:08

5 қараша Абу-Дабиде (БАӘ) Хильберто Рамирес (44-0, 30 КО) Дмитрий Биволмен (20-0, 11 КО) жекпе-жекке шығады. 12 раундтық айқаста мексикалық боксшы ресейліктен жартылай ауыр салмақта WBA Super титулын тартып алуға тырысады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Рамирес антропометриялық артықшылығын пайдаланбақ.

 

"Иә, бұл жақсы артықшылық. Мамырда "Канелоны" сабаған кезде Биволда да осы артықшылық болды. Осы жолы ол ұсақтау жігіттің рөлін ойнайды. Бивол - жақсы боксшы. Корпустан көбірек ұрып, басқа да шабуылдар жасаймын. Бұрынғыдай болмаймын. Мен оны сындырамын. Мұны өмірімдегі ең жақсы күйімде жасаймын", - деп береді Хильбертоның сөзін vRINGe.com.