Тайсон Фьюри қарсыласын бір соққымен есінен тандырды

25 сәуір 2022, 08:41

Британиялық боксшы Тайсон Фьюри ауыр салмақта WBC титулын қорғап қалды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Фьюридің отандасы Диллиан Уайтпен жекпе-жегі Лондондағы "Уэмбли" стадионында өтті.

 

Бұл кездесу 12 раундқа есептелген болатын, алайда Фьюри алтыншы раундта қарсласын есінен тандырды.

 

Тайсон үшін бұл карьерасындағы 32-ші жеңіс және 23-ші нокаут. Уайт болса үшінші рет жеңіліп тұр.