Бокс

Тайсон Уайлдерді нокаутқа жіберді (видео)

  • ©badlefthook.com

    ©badlefthook.com

Аса ауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық Деонтей Уайлдер (42-2-1, 41 КО) британдық боксшы Тайсон Фьюреден жеңілген жекпе-жегіне байланысты бірінші рет пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

 

Бұл кездесу Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласындағы T-Mobile Arena спорт кешенінде өтіп, 11 раундта Фьюридің жеңісімен аяқталды. Британиялық боксшы қарсыласын ауыр нокаутқа жіберді. Ал оған дейін екі боксшы да екі-екі реттен нокдаунда болған еді.

 

"Бар күшімді салып жұдырықтастым. Бірақ оның өзі жеткіліксіз болды. Не болғанын түсінбей қалдым. Фьюри 277 фунт (125 келіден көп) салмақ жинап алып, менің мысымды басқысы келді. Шынымды айтайын, ол дегеніне жетті", - деп келітері Уайлдердің сөзін ESPN басылымы.

 

 

Еске салайық, бұл боксшылар осымен үшінші рет кездесті. Олардың бірінші кездесуі 2018 жылдың желтоқсан айында өтіп, тең аяқталған. Екінші айқас 2020 жылдың қаңтарында болып, Фьюри Уайлдерді нокаутқа жіберген еді.

 

 

 

 

 




Көрілген: 468    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.10.2021, 09:19

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30