Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) WBO чемпионы америкалық Деметриус Андраде жайлы ойын айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
"Егер Андраде жарақат алып 160 фунтта қолғап түйістірмесе, ол титулды босатуы тиіс. Не себепті ол әлі күнге дейін титул иеленіп жүр? Осыны түсінбеймін", - деп жазды Әлімханұлы твиттер парақшасында.
Еске салайық, 21 мамыр күні отандасымыз WBO тұжырымының "уақытша" чемпионы белбеуі үшін британиялық Дэнни Дигнумға (14-0-1, 8 КО) қарсы жұдырықтасады.