Бокс

"Уақыт өте "Канело" жеңді деуге үйреніп кеттік". Маман трилогияның Головкинге оңды болмайтынын болжады

  • © Тұрар Қазанғапов

    © Тұрар Қазанғапов

Белгілі америкалық бапкер әрі сарапшы, Халықаралық бокс даңқы залының мүшесі атанатын Тедди Атлас FightHub TV арнасына берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) және мексикалық Сауль "Канело" Альварес (51-1-2, 35 КО) арасындағы үшінші жекпе-жекке қатысты өз ойын айтты.


Атлас қарымтадағы төрешілер шешімімен келіспейтіндігін айтты.


"Бұл туралы бұрын айтқанмын. Уақыт өте адамдарға "Канело" жеңді деуге үйреніп қалды. Меніңше қарымтада төрешілер шешімі нашар болды. Головкин жеңді деп ойлаймын. "Канело" да мықты болды, денеден соққылар жасады, көп уақыт шабуылда болды, бірақ, әрдайым нәтижелі бола берген жоқ.


Адамдар қашаннан бері джебтерді есептемейтін болған? Головкин джебтерін дәл жеткізіп отырды және қашықтықты бақылауында ұстады. "Рингті бақылау" деп аталатын дүниені. Бұл сөз нені меңзейтінін түсінбеймін. Өкініштісі төрешілер де мұның не екенін білмейді. Бірақ мұндай түсінік бар болса, оны көрсеткен Головкин - джеб қолданды, Альваресті қашықтықта ұстады, оны қимылдатып, жақындау үшін сазайын беріп отырды. Қалай дегенмен Головкин жеңді.


Бұл тамаша жекпе-жек болды. Егер үшінші рет жұдырықтасса, "Канело" жеңеді. Головкин минут сайын қартайып келеді. Біз сөйлесіп отырғанда, ал тағы біраз қайртайды (күледі)", - дейді Атлас.  





Көрілген: 446    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.01.2019, 12:23

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30