Бокс

Үш боксшымыз Олимпиада ойындарына жолдама алды

  • Үш боксшымыз Олимпиада ойындарына жолдама алды

    Үш боксшымыз Олимпиада ойындарына жолдама алды

 Амман қаласында (Иордания) бокстан Токио Олимпиадасына аймақтық іріктеу турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бүгін қазақстандық боксшылардан екінші болып шаршы алаңға шыққан Бекзат Нұрдәулетов (81 келі) еш қиындықсыз жеңіске жетті.

Жас әлем чемпионы Бекзат ширек финалда тәжік боксшысын 5:0 есебімен жеңді. Сөйтіп, Олимпиада ойындарының жолдамасына иелік етті.

Бұған дейін ерлер арасында 69 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов жартылай финалға жолдама алған болатын.

Левит те олимпиадаға барады
Қазақстан Нидерландыны тізе бүктіріп Дэвис Кубогының ақтық кезеңіне өтті
«Барыс» Гагарин кубогының екінші кезеңіне шығуға жақын
Отандасымыз ширек финалда Таиланд боксшысы Масуук Вуттичайді 5:0 есебімен жеңді.

Айта кетейік, бүгін күндізгі сессияда Василий Левит (91 келі) те өнер көрсетті.

Ол жарысты бірден 91 келіге дейінгі салмақтың ширек финалынан бастады. Оған қарсы рингке Тәжікстан командасының өкілі Давлат Болтаев шықты. Василий джебпен белсенді жұмыс істей отырып, рингтің ортасын басып алды. Давлат мұндай соққылардан қорғана жүріп ұрысуға мәжбүр болды. Бұл оған жақындауға және шабуыл жасауға мүмкіндік бермеді. Екінші раундта Левит қарқынын үдетіп, сериялық соққылармен жұмыс істей бастады. Болтаев өз кезегінде Василийдің шабуылына төтеп бере алмағанмен, өз ырғағын сақтап қалуға тырысты. Алайда қазақстандықтың алдыңғы қолмен жасаған соққылары нысанаға дөп тиюмен болды. Үшінші раундта да жағдай өзгерген жоқ. Левит таза және сенімді жеңіске жетті. Осылайша, ол жартылай финалға шығып, 2020 жылғы олимпиадаға жолдама алды.

Prosports.kz.

 




Көрілген: 495    Пікірлер: 0

жексенбі, 08.03.2020, 22:01

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30