Бокс

Үш қазақстандық боксшы 2020 жылғы Олимпиадаға жолдама жеңіп алды

  • Үш қазақстандық боксшы 2020 жылғы Олимпиадаға жолдама жеңіп алды

    Үш қазақстандық боксшы 2020 жылғы Олимпиадаға жолдама жеңіп алды

Бокстан Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарына іріктеу турнирінде үш бірдей боксшымыз сәтті өнер көрсетіп, 2020 жылғы дүбірлі додаға жолдама жеңіп алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Атап айтқанда, 69 келіде жұдырықтасқан Абылайхан Жүсіпов ширек финалда таиландтық Вуттичай Массукпен кездесіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Сондай-ақ 81 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Бекзат Нұрдәулетов ширек финалда тәжікстандық Шаббос Нигматоллаевтен басым түсті.

Ал үшінші жолдаманы 91 келіде жұдырықтасқан Василий Левит иеленді. Жарысты ширек финалдан бастаған ол Тәжікстан командасының өкілі Давлат Болтаевқа қарсы шығып, 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, үш бірдей боксшымыз 2020 жылғы Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды.

Еске сала кетейік, бұған дейін DAZN стриминг қызметі Головкин-Альварес арасындағы үшінші жекпе-жектің қашан өтетінін мәлім етті.

DAZN компаниясының атқарушы төрағасы Джон Скипер орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль "Канело" Альвареспен кездесіп, бірқатар мәселелерді талқылаған. Екі тараптың әңгімесі барысында мексикалық пен Головкиннің арасындағы үшінші кездесудің қашан болатыны туралы мәселе көтерілген.




Көрілген: 381    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.03.2020, 16:37

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30