Үздік қазақстандық боксшылардың рейтингі жарияланды

31 мамыр 2022, 12:58

Boxrec.com сайты үздік қазақстандық боксшылар рейтингін жаңартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Сәуір айымен салыстырғанда, осы айда ТОП-10 айтарлықтай өзгерген жоқ. Үздік үш боксшының есімі өзгеріссіз қалған. Руслан Мәдиев алтыншы орынға көтерілсе, Данияр Елеусінов жетіншіге түскен, Бекман Сойлыбаев оныншы позициядан сегізге көтеріліп, Әли Ахмедов сегізіншіден онға түсті. Ал Жан Кособуцкий жақында қол жеткізген жеңісіне қарамастан тоғызыншы орында қалды.

BoxRec нұсқасы бойынша үздік «ондыққа» кірген қазақстандық боксшылар:

1. Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО)

2. Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО)

3. Мейірім Нұрсұлтанов (16-0, 9 КО)

4. Батыр Жүкембаев (19-1, 15 КО)

5. Қанат Ислам (28-1, 22 КО)

6. Руслан Мәдиев (14-2, 5 КО)

7. Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО)

8. Бекман Сойлыбаев ( 13-1, 5 КО)

9. Жан Кособуцкий (18-0, 17 КО)

10. Әли Ахмедов (18-1, 14 КО) 

ҚазАқпарат