WBC Жәнібек Әлімханұлын рейтингтен шығарып тастады

15 сәуір 2022, 19:39

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) жаңартылған Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) рейтингінен шығып қалды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

21 мамыр күні Әлімханұлы ұлыбританиялық боксшы Дэнни Дигнумға (14-0-1, 8 КО) қарсы кездесуде орта салмақта WBO ұйымының "уақытша" чемпиондық атағын сарапқа салады. Осы үшін де WBC қазақстандық боксшыны өз рейтингінен шығарып тастаған. 

 

WBC рейтингінің жаңартылған тізімінің оныншы сатысына Мейірім Нұрсұлтанов (16-0, 9 КО) жайғасқан. 

 

Ал аса ауыр салмақта Жан Кособуцский (16-0, 9 КО) 19-орында тұрса, бірінші ауыр салмақта Қамшыбек Қоңқабаев (5-0, 4 КО) 32-орынға орналасты. 

 

Екінші орта салмақта өнер көрсететін отандасымыз Айдос Ербосынұлы (20, 16-0, 11 КО) мен Али Ахмедов (21, 18-1, 14 КО) тізімде бір-біріне жақын тұр.