WBO президенті Әлімханұлына жауап берді

11 мамыр 2022, 19:00

Бүкіләлемдік бокс ұйымының президенті (WBO) Пако Валькарсел қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының ұсынысына жауап берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Осыған дейін Әлімханұлы твиттер парақшасында:

 

"Алдағы уақытта 160 фунтта чемпион болған соң, 168 фунтқа ауысамын. Сол кезде (160 фунт) чемпиондық белбеуімді сақтап қаласыздар деген ойдамын", - деп жазған еді.

 

Сондай-ақ, қазақ боксшысы өз жазбасында ұйымның қазіргі чемпионы америкалық Деметриус Андраденің (31-0, 19 КО) басқа салмақ дәрежесіне ауысқанымен чемпиондығын сақтап қалғаны туралы да айтқан болатын.

 

Өз кезегінде Валькарсел Жәнібекке: "Сәттілік", - деп жауап берді.