Кембридж тәсілі

Жаңартылған білім бағдарламасы – өзгерістің алғашқы қадамы

  • Жаңартылған  білім бағдарламасы – өзгерістің алғашқы қадамы

    Жаңартылған білім бағдарламасы – өзгерістің алғашқы қадамы

Республикамызда орта білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.
Қазіргі таңда қоғамның білімге деген талабы жоғары. Білім саласы сан тараулы ақпараттарға толы. Болашақ білімді ұрпақты даярлайтын мұғалімдер қауымы болғандықтан, олар ешбір жаңалықтарды қалт жібермеуі тиіс. Соның дәлелі бүгінгі таңда Өскемен қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығында Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілінде оқытатын мектептердің бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша мұғалімдерді дайындау курсы өтуде. Курста облысымыздың барлық өңірінен бастауыш сынып мұғалімдері дәріс алуда. Олар әлемдік стандарттарға сәйкес 3 апта бойына теориялық білім алып, оны тәжірибе жүзінде көрсетпек.

 

Жаңартылған білім беру курсының жалпы мақсаты - оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу арқылы Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесіне арналған орта білім мазмұнын жаңарту бағдарламасымен және критериалдық бағалау жүйесімен таныстыру болып табылады.

Толқынның құлашын кеңге жаюы үшін жел тууы қажет болса, менің тәжірибемнің шыңдалуына мұғалімдер бағарламаның идеясын түсініп, ағынды тасқындай қызу жұмысқа кірісуі серпін берді. Курс барысында тыңдаушыларым өз ойларымен бөлісуде. Арнайы курсқа жиналған оқытушылар білім беру саласындағы жаңашылдықтардан қалыс қалмай, ілесуге ынталы екендіктерін жеткізді.

 

Дуланбаева Толқын: Осы курсқа Зайсан қаласынан Ю.Гагарин атындағы орта мектептен келіп отырмын. Курста оқу бағдарламалары, оқу жоспарларының байланысы, бағалау түрлері, тапсырма беру ерекшеліктерінде дәстүрлі оқытудан айырмашылықтарын байқадым. Яғни, жеңілден қиынға қарай спиральды оқытудың тиімді екендігін жете түсіндім.
Абеева Айгерим Канагатовна: Мен жас маман ретінде осы курстан алған алғашқы әсеріммен бөліссем деймін. Қыркүйекте 1-сынып алатын болғандықтан, мені толғандыратын сұрақтарым көп . Курсқа келіп сол сауалдарыма жауап алып жатырмын. Осы бағдарлама аясында әдіс-тәсілдерді жетік меңгеріп, қажетті деңгейде қолдана білуге үйренудемін. Қытайдың дана ойшылы Конфуций: «Ескіден қол үзіп, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады», - деген, сондықтан, қазіргі заман мұғалімі – рухани жағынан дамыған, педагогикалық әдіс-тәсілдердің барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман болуы керек. Тренер Дидар Эрнстовнаның өткізіп отырған курсына қатысу барысында, көптеген кәсіби ой-пікірлерімізді жүйелі түрде талдап, қорытудамыз.

 

Қалиасқарова Құралай Қамалбекқызы: Жарма ауданы Шар қаласынан келдім. Курсқа келерде қобалжу болды. Қорқыныш пен қобалжудан басталған менің алғашқы күнім, бірінші сабақтан кейін басылды. Тренеріміз білім берудің алғы шарттарына тоқталғанда, жаңартылған оқу бағдарламаларын даярлауға және енгізуге не себеп болғандығын, мұғалімнің болашақта білім берудегі әдіс – тәсілдеріне өзгеріс енгізу қажет екенін түсіндім. Осындай курстар болғаны өте дұрыс деп ойлаймын
Рахимова Толқын Едылшаиховна: Беқарағай ауданы Үлкен Владимировка мектебінің бастауыш сынып мұғалімімін. Оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты да, жан-жақты маман болу мүмкін емес, сондықтан мұғалімдердің кәсіби біліктіліктерін жетілдіру үшін Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы бойынша Педагогикалық шеберлік орталығында өткізілген курсқа қатыстым. Осы курстың барысында жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, мазмұнымен және мақсаттарымен таныстым.Сонымен қатар,критериалды бағалау жүйесін енгізуді игердім. Курста алған білімімді іс-тәжірибеде қолдану арқылы білім беру үдерісіне енгізе отырып, сабақтарымды жаңа тұрғыдан түрлендіріп өткізуді жоспарлап отырмын.

 

Баякеева Алмагул Бейсенбековна: Абай ауданы Саржал ауылының Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектеп ұстазымын. Орта білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілінде оқытатын мектептердің бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курсында бұрыннан бар түсініктерді сындарлы тұрғыдан өзара іс-әрекет негізінде құрастыру арқылы, өзімнің жеке жетістіктерім мен кемшілік тұстарыма сыни тұрғыдан қарап, оның сәтті дәлелдерін көруге үлкен мүмкіндік алудамын. Курстан алғандарым өз кезегінде өзімнің тәжірибемді әрі қарай шыңдауға жақсы түрткі болады дей аламын. Басқаша көзқарас пайда болып, өзгеруге ұмтыламыз. Осындай курстардың пайдасы мол екеніне кәміл сенемін.
Курс өткізуші тренер ретінде жаңартылған бағдарламаның туындауын табиғат көрінісімен байланыстырар едім. Тыныш тіршіліктен соң алай-дүлей жел соғып, жаңбыр жауып, лезде жердің өңін кіргізіп, сай-саланы суға толтыратын кез болады емес пе?! Одан кейін аспан әлеміне түр беріп, әдемі кемпірқосақ шығады. Осындай озық педагогикалық тәжірибелерден бастау алып, қарқынды еңбектен туындаған, өзгеріс аясындағы ізденіспен жаңартылған бағдарламалар Қазақстанның білім әлеміне жаңа түр беріп, мұғалім атаулыны қызықтыра түсті. Сан-салаға жаңалық әкелген жаңаша түрленген бағдарлама бойынша курсты өткізу барысында оның әр түсінің басымдылығына мән беруге тырыстым. Енді осы бағытпен бастауыш сынып мұғалімдерінің білім көкжиегін кеңейтіп, жаңаша түрленген бағдарлама идеясымен жұмыс жасауға жол салу мақсаты туындады. Ол өз кезегінде мұғалімдердің құндылығы мен ұстанымын жаңартуға, сол арқылы жоспарлау үдерісін жаңашалауға ниеттеліп отыр. Ендеше, осы курс шеберлікті шыңдауға игі бастама болмақ.


Педагогикалық шеберлік орталығының тренері

Усенова Дидар Эрнстовна

Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы




Көрілген: 10180    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 22.06.2016, 00:31

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31