Жаңаша оқыту- заман талабы

Жаңаша оқыту- заман талабы

Орманбекова Л.Ж.,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Алматы облысы бойынша педагог
қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты
деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері

 

Білім берудің мемлекеттік бағдарламасында білім беру ісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуіне байланысты бүгінгі заман талабына сай білім беру жүйесінің халықаралық талаптарға сай дамыту міндеті тұр. Бұл міндетті жүзеге асырудың бірден-бір жолы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесін жаңашаландыру, яғни өмір бойы үздіксіз білім алуға көшу. Бүгінгі таңда білім берудің дамуы еліміздің болашақ экономикалық, саяси және әлеуметтік-мәдени өркендеуі сүйенетін берік тұғырнамасы болуы тиіс екендігі айқын болды.Адами капиталды дамытудың қажеттілігі мен маңыздылығы айқын болған сайын, елімізде білім беруді қарқынды дамыту мен жаңғырту қажет болып отыр. Қоғамымызда болып жатқан елеулі өзгерістер білім беру саласына өз ықпалын тигізуде. Қазіргі жаңа типтегі білім беретін мектептегі оқу мен тәрбие үрдістерінің жаңа мазмұнын белгілеу, жетілдірілген оқу бағдарламаларын меңгеру оқу-тәрбие жұмысын, оның ішінде әрбір сабақты ғылыми негізде ұйымдастыруды талап етеді.
Жаңа типтегі мектептерде білім беру жүйесі қандай болу керек деген мәселе әркімді толғандырады.
Американдық мұғалімдер ассоциясының вице-президенті,доктор А. Урбански «Оқыту ойлауға үйретуге негізделуі тиіс. Осыған байланысты оқыту үрдісінде өте маңызды кезең – рефлексті емес, басымдылықтан – ойлау әдістері мен амалдарын саналы түрде игеруге көшу» деген.
Ғылыми - психологиялық әдебиеттерде Зак А.З. атап көрсеткендей, ойлау механизмінде білім екі түрлі қызмет атқарады: жаңа білім алу мақсатымен ойша өңделетін «материал» және ойлау әрекеттерін «реттеуші» қызметі. Білімнің реттеушілік қызметі заттардың, құбылыстардың, ой-пікірлердің немесе олардың қасиеттерінің арасындағы қарым-қатынасты, себеп-салдар, уақыт, кеңістік қатынастарының логикалық байланыстарын зерттеуде байқалады. Оқу үрдісінде білімнің реттеуші қызметі толық мәнді қалыптаспаған, өйткені көпшіліктің қалыптасқан пікірі бойынша, мектеп оқушыларды қажетті білім көлемімен қаруландырса, яғни әртүрлі саладан жаңа білім берсе жеткілікті. Алайда, «көп білген кемеңгер емес, білімін пайдалана білген кемеңгер» демекші, көп білім тез ескіреді, өзінің реттеушілік сипатынан айырылып, маңыздылығын жояды. Оған қоса, заман талабына сай күрделенген оқу материалын саналы әрі шығармашылықпен меңгеру қажеттілігі туындайды. Қазіргі заман талабына сай шығармашылық қабілеттің дамуына бағытталған білім дегеніміз – аз уақыт ішінде мол идея қорын алу емес, керісінше, жеке тұлғаның толық дамуын қамтамасыз ететін іс Шығармашылық қабілеттің дамуы әрбір балаға қажет екендігін, әр тұлғаның қоғам дамуында өз орны бар екендігін біле отырып, дарынды балалардың тек өткенге емес, болашаққа да қызығушылығымен, іс-әрекеттердің жаңа тәсілдерін көбейтуге қабілеттерімен ерекшеленетіндігін атап өту қажет. тұтқасын ұстайтын, дүние әлемін шарлайтын біздің дарынды да қабілетті ұландарымыз екенін ұмытпайық. Олардың бойындағы дарынын қабілетін дамыту – ұстаз, ата-ана және қоғам қауымының міндеті.
Жеке тұлғаны өздігінен білім алуға баулу – оны ғылым мен мәдениетке үйрету, білім, қарым-қатынас ережелерін, әлеуметтік тәжірибені меңгерту. Бұл аталған мiндеттердi iске асыру үшiн тілдік тұлғаның құндылық бағдарын қалыптастыру маңызды.
Әлем жаһандану үрдісін бастан кешуде. Осы үрдіс кезінде әлем өте жылдам өзгеріп, ұлттық құндылықтар, мәдениет, технологиялар, экономика саласында, жалпы қоғамда бірігу, тұтастану, кірігу тенденциясы басымдылыққа ие болып отыр.
Жаһандану білім саласын да айналып өтпеді, әлем өркениеті білімнің жаңа даму кезеңіне аяқ басты. Әлем елдерінде білім саласында реформа қажеттілігі білімнің мән-маңызын түсінгендіктен туындап отыр. Дамыған елдер табысқа жетудің кілті адам капиталында екенін түсінгендіктен, оған инвестиция салып, оқыту мен оқудың жаңа технологияларын зерттеп, жетілдіріп отыр. Әлем елдерінің білім беру жүйесі осы салада дамудың жаңа стратегиялары мен жобаларын жасап ұсынуда және өздерінде қолданысқа енгізуде.
Жеке тұлғаның құндылық бағдарын қалыптастыру мемлекеттік деңгейдегі мәселе. Жеке тұлғаның құндылық бағдары ұлттық сана, отансүйгіштік қасиеттерінсіз іске аспайды. Құндылық бағдар дегенiмiз - бұл қазiргi уақытта жеке тұлғаның құндылыққа бағдарланған ой-санасы, пікірі, көзқарасы, сенімі, iскерлiгi, iшкi мүмкiндiгi. Құндылық бағдар тіл үйренушінің оқу-танымдық әрекетiне түрткi болып, тіл үйренуіне ықпал етедi, ол оқу әрекетінiң құрамдас бөлiктерiне тiкелей байланысты, мақсаттың орындалуын анықтайды. Құндылық бағдар – жеке тұлғаның белгiлi бір әлеуметтiк құндылықтарды мақсат етiп ұстауы, адамның қоршаған ортаға, құндылықтар тобына деген карым–қатынасы. Жеке тұлғаның таңдаулары құндылық бағдарлар жүйесiне бiрiгедi.
Адамның даму үдерісі бүкіл өмір бойы тоқталмайды. Тұлғаның құндылық бағдар жүйесi «адамның өмiрлiк әлемi», «әлемнiң бейнесi», әлеуметтiк ортаның iшкi нұсқаулары, нормалары, уәждемелік қажеттiлiк өрiсi, адам белсендiлiгiнiң негiзгi реттеушiсi болып табылады. Құндылық бағдар сананың негізін құрайды, дүниетанымдық көзқарастарына әсер етеді, өзгермелі саяси-экономикалық жағдайларда тұлғаның тұрақтылығын қамтамасыз етеді, уәждемені реттейді, тұлғаның іс-әрекетін бағыттап, адам өмірінің мінез-құлықтық құрамдас бөлігін анықтайды. Осылайша, құндылық бағдар негіз құраушы, тұрақтандырушы, реттеуші, бағыттаушы қызметтер атқарады. Құндылықтар қоғамдық қатынастарды реттейді, оның дәстүрлері мен нормаларының қызмет етуін қамтамасыз етеді, қоғам үшін аса үлкен маңызға ие. Құндылықтар құрамына күнделікті қалыптасқан нормалармен бірге, ерекше жоғары мәнге ие болған талаптар да енеді және олар әрбір мемлекет үшін маңызды. Олардың негізінде жеке тұлғаның әлеуметтену үдерісі жүреді, оның тәлім-тәрбиесі, өмірдегі орны, мақсаттары мен міндеттері қалыптасады. Себебі, құндылықтар әлемі – сөздің кең мағнасында мәдениет әлемі, адамның рухани әрекетінің саласы, тұлғаның рухани байлық өлшемін білдіріп, оның адамгершілік санасын, басымдылықтарын анықтайды. Құндылықтар адам болмысының әр түрлі формаларына деген қатынасын білдіретін адамзат мәдениеті болуымен ерекшеленеді.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста