Орта мерзімді жоспарлау туралы жазбалар

Орта мерзімді жоспарлау туралы жазбалар

Белгібаева Кульжаний Аймухамбетовна

Шығыс Қазақстан облысы
Күршім ауданы
Ақсуат ауылы
«Ақсуат орта мектебі» КММ
Информатика пәнінің мұғалімі
Сыныбы: 8

Мақсаты: Информатика пәнінен жаңа әдіс тәсілдерді қолдана отырып оқушылардың қызығушылығын арттыру.
Оқытудағы Кэмбридж тәсілінің теориялық негіздерінде "орта білім беру жүйесінде жоғарғы деңгейге қол жеткізген танымал білім берудегі әдістерлердің арасында сындарлы тәсіл кең тараған. (Hattie, 2009) [1.,6]
Оқушының тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін ескере отырып, тақырыпты түсінуін жетілдіру, оны практика жүзінде қолдана білу мақсатында мұғалім түрлі әдіс - тәсілдерді тиімді қолдана білуі қажет. Міне, менде осындай ізденісті шыңдайтын түрлі жаңалықтарға толы білім беретін мектеп мұғалімдері үшін «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы, педагогикалық шеберлік орталығы мен ағылшындық кэмбридж университеті бірігіп жасаған ІІІ базалық (негізгі) біліктілікті арттыру курсын жүзеге асырушы «Өрлеу» педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында ұйымдастырылған біліктілігін арттыру курсының бірінші бетпе бет кезеңіне келіп, бағдарламаның жеті модулін топта тренердің көмегімен теория жүзінде меңгердім. Мұғалімге арналған нұсқаулықтан орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарды қалай құру керектігін негізге ала отырып орта мерзімді жоспарымды құрдым.
Сабақ жоспарын құру барысынды оқушылардың жас ерекшелік деңгейлері сақталады. 8 сыныпқа арналған информатика оқулығы, дидактикалық материал сәйкес қолдандым.
Мен сабағымда ұйымдастыру сатысында алғашқы сабағымды шаттық шеңберін ұйымдастыру арқылы жүзеге асырамын. Оқушылар бір - біріне аттарының бас әріптерінен басталатын тілек сөздер айтқызу арқылы өзара сыйластық қалыптастырады.
Әр сабақтың құрылымына, мазмұнына қарай бір - біріне сұрақтар қою арқылы жауап алынады.
Диалогтік тәсілмен дамытудың әдіс - тәсілдерін қарастыра отырып сабақ барысында "мұғалім - оқушы", "оқушы - мұғалім", "оқушы - оқушы", "сұрақ - жауап" әдістерін қолданамын. Оқушылардың қысқа жауап беретін сұрақтарымен салыстырғанда диалогтік сұхбаттасу оқушылар үшін өте тиімді болады деп ойлаймын. Себебі, сұхбаттасу арқылы оқушылар өз ойын жеткізе білуге, бір – бірін тыңдай білуге машықтанады.
"Диаграмманы құру, форматтау және редакциялау" тақырыбы бойынша жаңа сабағымда ДЖИКСО әдісін қолданамын. Осы әдістерді қолдана отырып, топтағы оқушылардың бір - біріне сабақты ұғынықты және жетік түсіндіре алатынын байқадым. Әсіресе, сабақта ойы басқада отыратын төменгі деңгейлі оқушым сабақты талқылауға араласып кеткенін айқындап отырамын.
Бұл орайда оқушылар көп нәрсені меңгереді, топта жұмыс істей алады, өзін – өзі бағалайды, бір - бірін бағалайды, сыни тұрғыдан ойлайды деп үміттенемін. Әр сабақта кері байланыс жасау арқылы оқушылар үшін әр сабақтың қызықты және тиімді екендігін, келесі сабақтың өтуінде нені күтетіндіктерін жазуды сұраймын.
Балаларды күннен күнге заман ағымымен қолжетімдік артып келе жатқан кең қоммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерделеу дағдыларын дамыту керек. (Wolfe and Alexander, 2008) (МАН 51 бет)
"Сыни тұрғадан ойлау - бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім" деп көрсетілген. (МАН 49 бет)
"Құжатты рәсімдеу және баспаға шығару" тақырыбын өту кезінде топ ішінде оқып, түсінгендеріңізді кластер арқылы жасаңдар деймін. Осы арқылы олардың сыни ойлау қабілеті байқалады. Олар берілген тапсырманы оқып, талдап, шығармашылықпен қорғайды.
Тәжірибе өткізуге алынған 8 сыныпта барлық сабақтарыма ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруға тырысамын. Осы арқылы оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін ескере келе, зерттеуге алынатын үш оқушымды бақылай бастаймын. Олар жоғарғы деңгейлі, орташа деңгейлі және төменгі деңгейлі оқушылар. Жоғарғы деңгейлі оқушым тақырыпты өз бетімен оқып, меңгерген білімін практикада қолдана алады. Орта деңгейлі оқушымның жалтақтауы басым, мінезі сабырсыз. Төменгі деңгейлі оқушым көп сөйлемейді, тұйық, сабақты қаншалықты меңгергенін практикада (компьютерден) көрсете алмай уақытын кетіріп алады. Өзгеден көмек күтеді.
Сыныптағы бағалау техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар бағалайтын кез - келген нысанның артында тек қана обьективті немесе жеткілікті дәрежеде обьективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және уәжі туралы түсінік, сонымеен қатар өзін - өзі бағалау, қабілеттілік және күш жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады. (Александер, 2001) [1.,56]
Оқушы білімін бағалау критериалды жүйе қолданысында білім алушының оқудағы жетістіктерін бағалау түрі формативті және суммативті түрлері арқылы жүргізіледі. Сабақ барысында өзін - өзі бағалау, топ басшысының бағалауы, бағалау өлшемдерін жүргіземін.
Тәжірибеден өту кезінде тізбектелген сабақ топтамасына ақпараттық технологияларды пайдаланамын.
Оқушылардың оқылым, тыңдалым, көру қабілеттері арқылы тез және жан - жақты ұзақ мерзімді жадыға түседі және оқушы уақытын тиімді пайдаланады.
Сабақтың негізгі көшбасшысы мұғалім. Сабақты жоспарлай отырып, топ ішінде көшбасшы болатын, қандай тапсырма болса да бірінші орындайтын оқушылар бар.
Ойымды қорытындылай келе орта мерзімді жоспарлау кезінде оқушылардың жаңа әдіс - тәсілдерді қолдану теориялық білімдерін практикамен ұштастыру арқылы сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру, ойлау қабілеттерін қалыптастыру, нәтижелі жұмыс жасауға үйретуді мақсат құрып отырмын.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
• Е.В.Шевчук, Н.С.Кольева. Информатика – Алматы. Кітап 2008 – 124б.
• Е.В.Шевчук, Н.С.Кольева. Н.Н.Завертунова Әдістемелік нұсқаулық. Алматы. Кітап 163 б.
• Мұғалімдерге арналған нұсқаулық үшінші (негізгі) деңгей «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҮ, 2012 – 305б.
• Мектептегі тәжірибе кезінде орындауға арналған тапсырмалар. 66 б.
• Balalarami.kz сайтты, 1 б.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста