Өркениет

11 жасар алматылық қыз Лос-Анжелесте Азия киносы фестивалінің қызыл кілемімен жүріп өтті

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

11 жастағы алматылық Софи Манасян Лос-Анджелесте Бүкіләлемдік Азия киносы фестивалі аясында қызыл кілеммен жүріп өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Nickelodeon телеарнасындағы Lip Sync Battle Shorties балалар шоуына қатысу арқылы тек Қазақстанда ғана емес АҚШ-та да қатарластарының арасында танымал болған Софи қуанышты жаңалығын Instagram-парақшасында бөлісті.


«Дүниежүзілік Азия кино фестивалі – 2019. Ашылуы керемет болды, барлық көрсетілімдерде жүздесеміз», - деп жазды 11 жастағы алматылық.


Софи қызыл кілеммен қазақстандық дизайнерлердің бірінің қолынан шыққан көйлекпен жүріп өткен.


Айта кетейік, Рүстем Әбдірашевтің «Қазақ хандығы. Алтын тақ», Ермек Тұрсыновтың «Шырақшы» және Фархат Шәріповтің «Тұлғалық өсу тренингі» фильмдері АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында қарашаның 6-ы мен 14-і аралығында өтіп жатқан Asian World Film Festival фестиваліне қатысып жатыр.


Бұл туындыларды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген.



 




Көрілген: 750    Пікірлер: 0

жұма, 08.11.2019, 15:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31