Өркениет

"20 жастағы қыз сияқты": Баян Алагөзова сұлулығымен елді таңдай қақтырды

  • "20 жастағы қыз сияқты": Баян Алагөзова сұлулығымен елді таңдай қақтырды

Баян Алагөзова Мәскеуге аттанды. Соңғы күндері әлеуметтік желіде белсенді болып жүрген продюсер Кремльде түскен суреттерін жариялап, сұлулығымен елді таңдай қақтырды, деп жазады Stan.kz.

Баян Мақсатқызы "Қызыл алаңда" түскен суретін жариялады. 

"Бұрын Оралдан Алматыға ата-анама келетінмін. Сонда "Қазақстан" қонақ үйінің алдында міндетті түрде суретке түсетінбіз. Қысқасы, ауыл қызының комплексі әлі де ішімде бар, белгілі жерлерде тез арада суретке түсу керек", - деп бөлісті продюсер. 

 

"Сиқырдың кесірі шығар": Индира Расылхан екінші күйеуімен неге ажырасқанын білмей жүр


Одан кейін продюсер қысқа белдемше, ұзын жейде және жүрек пішіндес LV сөмкесін таққан образын көрсетті. 

"Әдетте мен мұнша көп фото жарияламаймын. Суретке түскенді де ұнатпаймын. Бірақ менің жанымда Назым Ермекқызы, бұл бір сұмдық болды, ол менің артымнан қалмай, үнемі суретке түсіреді. Айтқанын орындағаннан басқа амалым жоқ, себебі ол қоймайды. 

Бірақ фотограф ретінде талантты. Рас қой?" - деп жазба қалдырды ол.

Продюсердің жазбасынан гөрі, көпшіліктің көзі оның сыртқы келбетіне түсті. 

"Жап-жас қыз сияқтысыз", "Әже болатын адамға ұқсамайсыз", "Бірінші курс студенті сияқты", "Сондай сұлу әрі жассыз", "Мына Баян 50 жаста деп кім ойлайды, масқара, 20 жастағы қыз сияқты", "Ақ Баян сұлу ғой", - деп жазды оқырмандар.




Көрілген: 2439    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.09.2021, 10:04

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31