Өркениет

2020 жылдың ең танымал фильмдері - Google нұсқасы

  • https://ru.freepik.com/

    https://ru.freepik.com/

Google 2020 жылдың ең танымал фильмдерінің тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Үздік ондықтың көшін оңтүстіккореялық "Паразиты" фильмі бастады. Картина "Үздік фильм" номинациясында "Оскар" сыйлығын алғаш рет иеленген оңтүстіккореялық фильм болып саналады.

 

 

Екінші орынды ұлыбританиялық режиссер Сэм Мендестің "1917" фильмі алды. Картинаның ерекшелігі үздіксіз планында, фильмде екі рет қана план ауысқандай монтаждалған. Ол 3 рет "Оскар" алған болатын, оның ішінде "Үздік операторлық жұмыс" номинациясы бойынша.

 

 

Үшінші орынды Стэн Ли Мен және Джек Кирбидің комикстері негізінде түсірілген "Черная пантера" иеленді. Басты рольде ойнаған актер Чадвик Боузман ауырып қайтыс болған еді. Интернет қолданушылары оның есімін Google-ден жиі іздеген. Бұл ең танымал іздеудің ондығына кірді.

 

 

Үздік бестікті поляктың эротикалық фильмі "365 дней" мен "Заражение" фильмі қорытындылады.

 

 

Сонымен қатар, үздік ондыққа "Довод", "Энола Холмс", "Хищные птицы: Потрясающая история Харли Квинн", "Мулан" және "Кролик Джоджо" фильмдері енді.

 

 

 




Көрілген: 2274    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.12.2020, 19:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28