Өркениет

«27 миллион»: тележүргізуші Мақсат Толықбай алаяқтарға қалай алданып қалғанын айтып берді

  • «27 миллион»: тележүргізуші Мақсат Толықбай алаяқтарға қалай алданып қалғанын айтып берді

    «27 миллион»: тележүргізуші Мақсат Толықбай алаяқтарға қалай алданып қалғанын айтып берді

Ешбір дүние оңайлықпен келмейді.

Белгілі журналист Мақсат Толықбай сегіз жылдың ішінде 27 миллион теңгесінен айырылып қалған. Тележүргізуші алаяқтарға қалай жем болғанын айтып берді хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

32 жасына дейін төрт рет алданған журналист қазақстандықтарды арзан нәрсеге қызықпауға шақырды.

KAZ.NUR.KZ тілшісі Мақсат Толықбайдың қалай алданғанын анықтады.

Журналистің айтуынша, жиған-терген ақшасын үш рет баспана алып беремін деген алаяқтар иемденіп кеткен.

«Менің алданғаным кімге қызық? Өзгелерге сабақ болсын деп айттым. Өмірден түйгенім: арзан дүниеге жүгірмеңіздер! Әкең жасамаған жақсылықты ешкім жасамайды. Осы екі-ақ сөйлемнен тұратын сабақты 27 миллион теңгеге сатып алдым.

Бірақ адам қателік арқылы шындалады,өседі ғой. Ештеңе істемеген адам ғана қателеспейді. "Үй алудың арзан жолын ұсынып жүрген кооперативтерге сенуге бола ма?" деп хабарласатындар көп. "Қымбат бағаға баспана сатып алып қайтесің, әкімдікте танысым бар" дейтін де алаяқтарды көрдім. Ешбір дүние оңайлықпен келмейді.

Бәлкім, осыны түсіну үшін төрт рет алдануым керек болған шығар?! "Журналист болып қалай алдандың?" дейтіндерге айтарым &ndash алаяқ сенің кім екеніңе қарамайды , мейлі құқық қорғау саласында қызмет ет, мейлі журналист бол, жаныңа батқан нәрсені тауып, қас қағым сәтте арбауына түсіре салады", - дейді ол.

Ал төртінші мәрте тележүргізуші кәсіп ашамын деп тағы алаяқтарға тап болған.

Алаяқтардың арбауына төрт мәрте түскен журналист жақын арада баспаналы болудан үмітті.




Көрілген: 1598    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.10.2020, 16:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31