Өркениет

"30-дан кейін ие бола алмай қаласыңдар": Дариға Бадықова қыздарға кеңесін айтты

  • "30-дан кейін ие бола алмай қаласыңдар": Дариға Бадықова қыздарға кеңесін айтты

Дариға Бадықова жас қыздарға кеңесін айтты. Бет күтіміне немқұрайлы қарамайтын қазақстандық актриса қыздар ажарына ерте жастан мән беру керек дейді.

“30 жастан кейін кеш болады. Беттің күтімін айтам, қыздар, боянбасаң боянба, бірақ бетіңе күтім жасауды ұмытпау керек. Әйтпесе әжім деген ескертпей келеді. 30-дан кейін ие бола алмай қаласыңдар әжімдеріңе. Қазақстанның картасы болады. Сондықтан бетке немқұрайлы қарамай, маскаларымызды жасап, кремдерімізді жағып жүрейік”, – деп жазды актриса. 

 
Актриса соңғы кездері сұлулық, әдет-ғұрып, ене мен келін, қазақ қыздарының тәрбиесі тағы басқа жайттарға қатысты өз ойын жариялап жүр. Көпшіліктің талқысына салады.

Дариға Бадықова одан бөлек “Қыз ұзату дұрыс па?” деген оқырман сұрағына жауап берді. Айтуынша, бұл қазақтың ежелден келе жатқан ғұрпы. Қызды ұзатудың өзіндің мәні, мағынасы, тәртібі бар. Одан бөлек қонақ күту мен құда күтудің де ерекшеліктерін тізіп берді.

“Желі қолданушылары қазақтың қай салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын алып қарасаңыз да, әрқайсының астарында үлкен мән-мағына жатыр. Мысалы, қонақ келсе жасы үлкен ақсақалға алдымен бас тартады, онысы адам әлемді баспен билейді дегені. Сол сияқты, құдаларға құйрық-бауыр тартудың да өз мәні бар. Бауырдай тату, құйрықтай тәтті болыңдар дегені. Ал қыз ұзату - реңі бөлек, әдемі дәстүр. Осы қыз ұзату тойы да басқа тойлардан ерекше. Қызды ұзату дұрыс әрине. Егер ұзатуды маған тапсырсаңыздар, тіптен дұрыс болады”, – деді актриса. 




Көрілген: 1120    Пікірлер: 0

жұма, 22.10.2021, 10:34

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31