Өркениет

7,5 миллион теңге: Той иелері мейрамханаға берген ақшаларын қайтара алмай жүр

  • 7,5 миллион теңге: Той иелері мейрамханаға берген ақшаларын қайтара алмай жүр

    7,5 миллион теңге: Той иелері мейрамханаға берген ақшаларын қайтара алмай жүр

Карантин кезінде өтпей қалған іс-шаралар үшін қазақстандықтар Тұтынушылар құқығын қорғау комитетіне біраз шағым түсірген. Тұрғындарға комитеттің араласуымен қанша қаражат қайтарылғаны туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Facebook парақшасында бөлісті.

Оның сөзінше, ұйымдастырушылар шетелдік әншілердің концерттеріне алынған билеттер үшін де ақшаны қайтаруға асықпаған.

«2020 жылдың 5 айында СИМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне тоқтатылған концерттер үшін («Руки Вверх» тобының, Нұр-Сұлтан қаласындағы Любовь Успенскаяның концерттері, Белгородтағы «Халық шығармашылығы» фестивалі, «Астана – Опера» театрының қойылымдарына және т.б.) 29 билет бойынша 15 өтініш келіп түсті. Жалпы сомасы - 615 620 теңге. 11 шағым бойынша жұмыс аяқталды және тұтынушыларға 339 620 теңге қайтарылды. Тұтынушылардың тағы 4 шағымы бойынша жұмыс жүргізілуде»,- деп жазды министр.

Ал мейрамханалар мен дәмханаларға қатысты өтпей қалған той-томалақ үшін қаражат қайтару мәселесі бойынша 47 өтініш түскен.

«Қазақстандықтар қайтаруды талап еткен жалпы сома - 7,5 миллион теңгеден асады. Оның 5 млн теңгесі қайтарылды», - деп бөлісті Сұлтанов.

Сондай ақ, аумақтық департаменттер туристік турлар үшін жалпы сомасы 24 158 466 теңге (23 487 016 теңге – шетелдегі демалыс үшін, 671 450 теңге ел ішінде) ақшалай қаражатын қайтару бойынша 85 өтінішті қараған. Соның ішінде тұтынушыларға 4 250 202 теңге қайтарылды. Кейбір өтініштер бойынша тур күндерін ауыстыру туралы тараптардың келісіміне қол жеткізілді.

 

 




Көрілген: 1450    Пікірлер: 0

жұма, 10.07.2020, 12:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Тамыз, 12:41
    Тіл туралы 7 өлең

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30