Өркениет

8 жасар Дильназ Нұрсейіт Шанхай кинофестивалінің сыйлығына ие болды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

8 жасар қазақстандық актриса Дильназ Нұрсейіт 22-ші Шанхай кинофестивалінде «Үздік жаңа есім» аталымында CCTV-6 телеарнасының сыйлығына ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың Қытайдағы меншікті тілшісі.


Жеткіншек Қазақстан мен Қытай бірлесіп түсірген «Композитор» фильмінде Бақытжан Байқадамовтың жиенінің рөлін сомдаған болатын. Сондай-ақ, «Композитор» фильмінің продюсерлік тобы да ұйымдастыру комитетінің құрметті сыйлығын алды.


Еске сала кетейік, Қазақстан мен Қытай режиссерлері бірге түсірген «Композитор» көркем фильмі мамыр айында прокатқа шыққан болатын. Көркем лента қытайлық композитор Сянь Синхайдың Совет одағына, оның ішінде Алматыға эвакуацияланған кезі мен танымал қазақ композиторы Бақытжан Байқадамовпен достығы туралы баяндайды.


Фильмді Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы және қытайлық «Shineworks Pictures», «China film coproduction corporation» компаниялары бірге түсірген.



Сянь Синхайдың қазақ жерінде жазған танымал шығармаларының бірі - «Түркі әні» (1942 жылдың желтоқсанында жазылған). Гуанчжоудағы консерватория мен концерт залы және Алматыдағы бір көше Сянь Синхайдың есімін иеленген.


2005 жылы 100 жылдық мерейтойына орай Макаода композиторға үш метрлік ескерткіш орнатылды. Ал сазгердің Алматыдағы ескерткіші 1999 жылы тұрғызылған. Оның ашылу салтанатына ҚХР сол кездегі төрағасы Цзян Цзэминь мен ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан болатын.



Еске сала кетсек, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға барған кезінде «Shinework Pictures» кинокомпаниясының басшысы Джонатан Шень ҚР Тұңғыш Президентіне «Композитор» фильмі жазылған дискіні сыйға тартқан.



 




Көрілген: 273    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 24.06.2019, 09:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31