Өркениет

«Aнама бірден ұнады»: Айжұлдыз Адайбекова анасымен күйеуінің қалай танысқанын айтты (ВИДЕО)

  • «Aнама бірден ұнады»: Айжұлдыз Адайбекова анасымен күйеуінің қалай танысқанын айтты (ВИДЕО)

    «Aнама бірден ұнады»: Айжұлдыз Адайбекова анасымен күйеуінің қалай танысқанын айтты (ВИДЕО)

Қыран Талапбек Жанар Айжановаға күйеу бала болатынын сезген бойда өзін аздаған қорқыныш сезімі жаулағанын жасырмады. Блогердің достары оған жұлдызды енесінің сериалдағы өткір рөлдерінен үзінділер жіберіп, үрейін одан бетер күшейте түскен.
Жақында ғана отау көтерген белгілі видеоблогер Қыран Талапбек пен сүйіктісі Айжұлдыз Адайбекова алғаш рет бірге эксклюзивті сұхбат беріп, қарым-қатынастары қалай өрбігенін айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ НТК арнасындағы "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап.

Қыран Талапбек Жанар Айжановаға күйеу бала болатынын сезген бойда өзін аздаған қорқыныш сезімі жаулағанын жасырмады. Блогердің достары оған жұлдызды енесінің сериалдағы өткір рөлдерінен үзінділер жіберіп, үрейін одан бетер күшейте түскен.

Алайда, жігіт сезіміне сенімді болған соң, ғашығы үшін бәріне дайын еді.

Белгілі болғандай, Қыран Талапбек пен Айжұлдыз Адайбекова үш жыл бойы кездесіп, оны қалың көпшіліктен жасырып жүрген. Сонымен қатар, қос ғашық ата-аналарымен бір жыл өткеннен кейін танысып алған.

Видеоблогер болашақ енесімен алғаш кездесуін есіне түсіріп, ол күні орын алған қызықтармен бөлісті.

"Мені ауызашарға шақырды. Бір сағат бұрын барып алдым. Бірақ, кіруге бата алмай тұрдым. Ауыз ашатын уақытқа қарай, басқалармен бірге кіремін деп шештім. Өзімді іштей дайындап келдім. Қазір сұрақтың астына қаламын-ау деп ойладым. Ең қызығы, ондай ештене болған жоқ. Емін-еркін отырдық. Тамақ жедік. Тойып үйге қайттым.

Ал достарым болса, ол кісі туралы айтып қорқытып тастады. Бірақ, не болса да бәріне төтеп беруге дайын болдым. Сөйтсем, шын өмірде ол кісі мүлдем басқа адам болып шықты. Сіздер экраннан көретіндеріңіз бар болғаны образ. Мен Айжұлдызға үйленуге ұсыныс жасағанымда ол кісі үш минуттық бата жіберді" , - деді ол.

Айжұлдыз Адайбекова да ғашығын анасымен таныстырған күннен есінде қалған жайттарды ақтарды.

"Мен білетін Қыран мүлдем жоқ болып кеткен. Әдетте, ашық әрі еркін жүретін жігітім алтыншы сыныптың оқушысы секілді тұрып алды. Қолында торты мен гүлі бар. Кәдімгідей дайындалғаны көрінді. Негізі ол анама бірден ұнады. Көрмей тұрып та, оған суреттерді көрсеткенде ол "жүзі жылы бала екен" деп айтқан болатын" , - деді қалыңдық.  




Көрілген: 2410    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 23.09.2020, 17:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31