Өркениет

Cәкен Майғазиев: Екі, үш немесе төрт әйелмен бір әулет болып отырған азаматтарға ризашылығымды білдіремін

  • Cәкен Майғазиев: Екі, үш немесе төрт әйелмен бір әулет болып отырған азаматтарға ризашылығымды білдіремін

    Cәкен Майғазиев: Екі, үш немесе төрт әйелмен бір әулет болып отырған азаматтарға ризашылығымды білдіремін

Танымал әнші Сәкен Майғазиев тоқал алу туралы ойын айтты. Ол дінімізде де бірнеше әйел алуға рұқсат етілгенін және сүннетте де бар екенін атап өтті. 


Бұл туралы әнші Salem Show бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Майғазиевтің сөзінше, асыл дінімізде екінші әйел алу рұқсат етілген дүние. Осыған сүйенген әнші бұл тұрғыда пікірі дұрыс екенін жеткізді.


«Екінші әйел алу туралы дұрыс пікірдемін. Егер бірінші әйелін құрметтеп, алақанына салып, жас қыздарға емес, жесір қалған, тағдырдың тәлкегіне түскен әйелдерге қамқор болып, оның балаларына әке бола алатындай азамат болатын болса, өз басым қолдаймын. Тіпті, екі, үш немесе төрт әйелді бір арнаға тоғыстырып, тіл табыстырып, бір әулет болып отырған азаматтарға ризашылығымды білдіремін», - дейді Сәкен мырза.


Десе де әншіде аталған мәселеге қатысты теріс пікір де жоқ емес. Ол екі әйелдің обалына қалып, шаңырағын ортасына түсіруге қарсы екенін жасырмады. Сондай-ақ, адамның ниеті де маңызды екенін атап өтті.


«Ал шаңырағын ортаға түсіріп, жылатып, обалына қалғанын қаламаймын. Десе де төрт әйелге дейін алу, біріншіден, бұл Алла Тағала рұқсат берген дүние. Екіншіден, пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүннеті. Үшіншіден, қазақтың санын арттыру мақсатында жасалып жатқан дүние болса, көрсеқызарлықпен жасалмаса болды деп ойлаймын», - дейді әнші.




Көрілген: 1504    Пікірлер: 0

жексенбі, 16.06.2019, 10:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30