Өркениет

"KeшYOU" директоры "Мәдениет саласының үздігі атанды (фото)

  • Фото: Instagram/nazymbaskynbayeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

    Фото: Instagram/nazymbaskynbayeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Отандық танымал "КешYOU" тобының директоры Назым Басқынбаева "Мәдениет саласының үздігі" атанды. Еңбегі еленген телепродюсер бұл қуанышты жаңалығымен бөлісіп, өнер жолында өзіне қандай тұлғалармен жұмыс істеу бұйырғанын айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Назым Басқынбаева бұл мәртебелі атаққа мәдениет саласында 15 жыл бойы барын сала еңбек етіп қол жеткізді. Көпшілікке Баян Алагөзованың "КешYOU" тобының директоры ретінде танылған маман бұған дейін көптеген танымал тұлғалармен бірге жұмыс істеген болып шықты. Назым Басқынбаева Instagram парақшасында өз шоу-бизнестегі еңбек жолы қалай басталғанын айтып берді.

 

 

"Мәдениет саласының үздігі". Марапаттау кезінде осы салада жүрген 15 жыл көз алдымнан жүгіріп өтті. "Хабар" агенттігінің есік алдында сағаттап Серік Абас-Шах ағаны күтіп отыратын студент, алғашқы концепцияларын ұсынып көрген стажер, Айгүл Мүкей сенім артқан музыкалық жобалар мен байқаулардың продюсері, Айнұр Көпбасарова, Ринат Гайссин, Жан Мұқанов және өзге де мүйізі қарағайдай азаматтардың іс-шарасындағы сценарист, Баян Мақсатқызы мен Бағым Мақсатқызының сеніп тапсырған "Кешью", "Алау", "Лашын", "Іңкәр" топтары мен әншілердің директоры, ҚазҰУ университетінде Әлия Рымзақызының жетекшілігімен "Мәдениеттану" ғылымын кеміріп жүрген докторант, өнерде жүрген барша жанға қамқор Жеңіс Сейдоллаұлы ағамыз бен Алмас Алтынбек бауырымның шақыруымен барған "Қазақконцерттің" әдеби редакторы. Жаратушыға, әлемдегі ең керемет ата-анама, менің өсуіме, дамуыма, қанат жаюыма жағдай жасап, қолдау көрсеткен барша жанға мың алғыс!" , - деп жазды ол.

 

Еске сала кетейік, Назым Басқынбаева шетелден келіп, карантинге жатқызылған соң ашқтық жариялаған болатын. Белгілі телепродюсер науқастарға анализ нәтижелері берілмегенін, медициналық орталықтағы санитарлық жағдайды жақсарту керектігін айтып желіде шу көтерді.

 

 




Көрілген: 681    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.05.2020, 11:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Маусым, 00:38
    Неге сонша бүліндік?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31