Өркениет

Q-pop тобының әншілері есірткі сатты деген күдікпен ұсталды

  • Видеодан алынған кадр

    Видеодан алынған кадр

Жақында Алматы полициясы синтетикалық есірткі өндірумен және сатумен айналысты деген күдікпен бір топ адамды ұстаған болатын. Олардың қатарында жастар арасында танымал Mad Men тобының солисі бар болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Әлеуметтік желі қолданушылары Алматыда қылмыстық топтың ұсталған сәті түскен видеоға белсенді түрде пікір жазып жатыр. Кейбіреуінің айтуынша, ұсталғандардың ішінде бернеше адам Mad Men Q-рор тобының мүшелеріне ұқсас. Олардың ішінде пікір қалдырушылар Moora тобының мүшесі мен олардың продюсері Руслан Хванмен танып отыр.

 

Mad Men тобының солисті Moore

 

Mad Men тобының продюсері Руслан Хван

 

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ұсталғандардың арасында Mad Men тобына қатысы бар адамдар болған.

 

"Бір күн бұрын ұсталған, синтетикалық есірткі жасап, таратқан 10 адамның екеуі аталған шығармашылық ұжымға қатысы бар. Еске салайық, санкцияланған тінту бірнеше мекенжай бойынша жүргізілді. Тергеу жалғасып жатыр", - деп мәлімдеді Алматы ПД баспасөз қызметіндегілер.

 

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер айтылады!

 

 

Еске салайық, Алматы полициясы тұрақты есірткі желісін жойды. Оның құрамында 21 жастан 30 жасқа дейінгі 10 адам болған. Топты басқарған - 1994 жылы туған Х. есімді ер адам.

 

"Қолда бар жедел мәліметтерге сәйкес, топтағы адам бірнеше айдан бері Алматыда синтетикалық есірткіні өндірумен және сатумен айналысқан. Х.-ның және оның "көмекшілерінің" қылмыстық әрекеті ресми түрде құжатталды", - деген еді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

 

 




Көрілген: 775    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.04.2021, 18:25

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30