Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

«Абай әлемінен» көрмесі – Керекуде

05 мамыр 2011, 11:40

«Абай әлемінен». Дәл осындай атпен Павлодар қаласының Бұқар жырау атындағы Әдебиет және өнер мұражайында көрме ашылды. Салтанатты рәсім Семейдегі Абайдың қорық-мұражайы қорынан арнайы ұйымдастырылған.
Көрменің ашылу салтанатына облыстық мәслихат депутаттары, мектеп мұғалімдері, зия­лы қауым, бұқаралық ақпарат құрал­да­рының өкілдері қатысты.
Алғаш сөз кезегін алған облыстық «За­ман­дас» ардагерлер клубының төрағасы Шәкәрімов Қабидолла Нұрсенұлы Абай шы­ғармашылығын өскелең ұрпаққа наси­хаттау жұмысының аса зор мәні туралы айта келе, ақын мұражайы көрмесінің Пав­лодар қаласында ашылуына үлкен ри­за­шылығын білдірді.
Абайдың қорық-мұражайының дирек­то­ры Әубәкір Жандос Мағазбекұлының ай­туынша, көрмеде Абайдың баласы Ма­ғауияға 1896 жылы жазған хаты, қол қой­ған құжаттары, 1903 жылы Абайдың қалта сағаты, ері, Әйгерімнің күмістелген ер-тоқымы, 1896 жылы ұлдарымен, 1903 жы­лы отбасымен түскен фотосуреттері көр­менің аса құнды жәдігерлері болып та­былады.
Бір қызығы, Павлодар қаласының әкімі Бақытжан Төлеужанұлы Жоламанов көр­ме­ні тамашалауға келген алғашқы көрер­мен­дердің бірі болды. Көрме кезінде ұлы ақын образындағы жыршы Даниял Асенов Абай өлеңі мен қарасөздерінен үзінді оқыды.
Павлодарлықтар көрмені мамыр айы­ның аяғына дейін тамашалай алады.
Жандос ӘУБӘКІР, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұра­жайы­ның директоры:
– Абай туындылары өскелең ұр­пақ­ты өз халқына қызмет етуге ша­быт­тан­дырып, білімге, мәдениет арқылы да­муға деген талпынысына демеу береді. Олар ешқашан да өз мәнін жоғалтпасы анық. «Мыңмен жалғыз алысқан» Абай өмірі – кейінгі ұрпақ үшін шындық пен әді­леттілікті тынымсыз іздеудің жарқын үлгісі. «Тіл майданының құдіреті – ол поэ­зия» деп білген ұлы ақын өз хал­қы­ның ғана ұлы емес, бүкіл адамзат бала­сы­ның биік тұлғасы болды.