Өркениет

Абай Бегей атақ алғанын көре алмайтындар жайлы айтты

  • Абай Бегей атақ алғанын көре алмайтындар жайлы айтты

    Абай Бегей атақ алғанын көре алмайтындар жайлы айтты

Әнші Абай Бегей бірер жыл бұрын "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісімен марапатталған еді. Сондай-ақ өнер иесіне "Қазақстанның құрметті азаматы" мәртебесі берілген. Абай Бегей алған атақтарын көре алмайтындар жайлы "Таңшолпан" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әншінің айтуынша, мемлекет тарапынан берілген бұл атақтар шабыт бергенімен, арқалататын жауапкершілігі мол. 

"Жақсы да, жаман да жағы бар. Көре алмайтындар бар, оны айтқым да келмейді. Instagram-да жазғыштар бар, жүрегіме жақын қабылдап қаламын. Оқымаймын, кейде көріп, өшіріп тастаймын", – деп бөлісті Бегей.

 
Бұдан өзге, әнші өміріндегі жаңалықтарымен бөлісті. Ол карантин басталған шақта үй салып бастағанын, құрылыстың жақында аяқталатынын хабарлады.

"Ақтауда тұрмысқа шыққан қызым жиен немереме той бергелі жатыр. Үлкеніне – сүндет той, кішісі 1 жасқа толуда. Өзімнің қызым да 1 жаста, екеуі қатар", – деді әнші.

Айта кетейік, Абай Бегейдің алғашқы некесінен үш қыз, бір ұлы бар. Алғашқы жұбайы, өкінішке қарай, қайтыс болған. Араға біраз жылдар салып қайта үйленген Абай Бегей бүгінде екінші некесінен бір ұл, бір қыз сүйіп отыр. 

Өнер иесінің тұңғыш атұстары 19 жаста. Instagram оқырмандары әншінің қыздарымен жақсы таныс болғанымен, ұлын сирек байқайды. Оған себеп ер жетіп қалған жігіт көзге түскенді ұнатпайды екен. Бұдан өзге, әнші алғашқы махаббаты жайлы айтты. 

"Ауылда Айнаш деген қыз болды. Қазір Атырауда тұратын шығар", – деді ол. 

Өнер иесі сахнаға шыққанға дейін мұғалім, кейін сауда-саттықпен айналысқанын жеткізді. 




Көрілген: 610    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.09.2021, 15:19

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31