Өркениет

Абай жолы сериалында салафиттер неғып жүр?

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Кеше Murat Yeszhan түсірген Абай жолы сериалын толық көріп шықтым, деп жазады желіде журналист Серік Жолдасбай.

 

Шыны керек, "Хабардың" Абайы "Қазақстан" ұлттық арнасы түсірген топтамадан анағұрлым жақсы болып шыққан екен. Қайым Мұхамедхановтан бастап, Мұхтар Әуезов пен Абай Құнанбайұлының тағдыр-тауқыметін режиссер әсерлі суреттеген. Мұраттың алғашқы туындысы осындай сәтті болса, демек одан жақсы режиссер шыққалы тұр.

 

Бірақ көңілде бір ғана дақ қалды.

 

Оспан мен Күнтудың болыс сайлауына қатысып отырған сақалы бар мұрты жоқ адам кім? Бажайлап қарасаңыз осы күнгі салафиттерден аумайды. Абай заманында салафиттер болды ма? Мойындау керек, "Абай жолы" сериялы өте сәтті түсірілген туынды. Алайда Мұрат бауырымыз "салафиттер бұрын да болған" деп айтқысы келдіме, әйтеуір "сақалы бар мұрты жоқ" адамды көрсетуді ұмытпапты. Тырнақ астынан кір іздеп отырғаным жоқ. Бірақ та мемлекеттік телеарнадан салафизмді насихаттап отырған жоқпыз ба? деген сауал тастады пост авторы.

 

kaz.zakon.kz




Көрілген: 4231    Пікірлер: 0

жұма, 08.01.2021, 15:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31