Өркениет

Әбдіжаппар Әлқожаның төртінші сәбиі дүниеге келді

  • Әбдіжаппар Әлқожаның төртінші сәбиі дүниеге келді

    Әбдіжаппар Әлқожаның төртінші сәбиі дүниеге келді

Желі қолданушылары бірден Әбдіжаппар Әлқожаны құттықтауға кіріскен.

Әнші Әбдіжаппар Әлқожаның келіншегі төртінші перзентін дүниеге әкелді, деп хабарлады Sn.kz.

Қуанышты хабарды әншінің жақын досы Әділет Байнашев жеткізді. Ол Instagram-дағы парақшасында көпшіліктен сүйінші сұрап, жаңа туған нәрестеге "кіндік әке" болғанын хабарлады.

"Құрметті ағайын, сүйінші! Бүгін ұлды болып жатырмыз! Әбдіжаппарды емес, мені құттықтай берсеңіздер болады. Әкесі мен! Әбдіжаппар досым осыдан бірнеше ай бұрын "достығымыз бұдан да қатты нығыздалып, дос болайық" деген ниетпен келіншегім екеумізді дүниеге келетін болашақ ұлының "кіндік әкесі мен кіндік шешесі" етіп бекіткен болатын. Сол күнге де жеттік, Аллаға сансыз шүкір! Бұл шынайы достықты әрі қарай бауырластыққа жетелейтін үлкен мәні зор, мағынасы үлкен дәстүр деп ойлаймын. Достығымыз ақыреттік болсын, бауырым! Дүниеге келген кішкентай өзіңнен асып түсер алып тұлға болсын! Бір-бірімізді көтеріп, әрдайым демеп жүре берейік" деп жазды ол.

Желі қолданушылары бірден Әбдіжаппар Әлқожаны құттықтауға кіріскен. Олар жаңа туған сәбиге ақ тілектерін жаудырып жатыр. Ал кейбіреуі, тіпті, әншінің отбасылы екенінен бейхабар болып шықты. Оның төрт баласы бар екенін білгенде, қатты таңғалған.




Көрілген: 3055    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.03.2021, 13:52

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Сәуір, 14:05
    Сеңкібай Батыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31