Өркениет

"Адал еңбектеніп жүр": Жұлдыз Әбдікәрімова "Қызылорда аруына" қолдау білдірді

  • "Адал еңбектеніп жүр": Жұлдыз Әбдікәрімова "Қызылорда аруына" қолдау білдірді

Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова дәмханада ыдыс жуып, табыс тауып жүрген "Қызылорда аруы-2017" Гүлнұр Нұртазаға қатысты өз ойын айтты. Тележүргізуші бойжеткеннің адал еңбектеніп жүргенін атап өтіп, оған қолдау білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдыз Әбдікәрімова "Қазақстан аруы-2019" сұлулық байқауына қатысқан Гүлнұр Нұртазамен таныс екенін айтты. Қызылордалық бикеш ресейлік шоуға шақырту алған кезде Қайрат Нұртастың жарына хабарласып, одан әпкелік кеңес сұраған болып шықты. Актриса адал жолмен табыс тауып жүрген қызға тәнті болғанын айтып, оған өз қолдауын білдірді. Сонымен қатар, Әбдікәрімова ТВ мен модельдік салада жүрген мамандардан Гүлнұр Нұртазаға қолдарынан келгенше көмектесулерін сұрады. "Қыздың орны - төр. Қабағында құт бар деп, төрден орын ұсынып қызын құрметтеген текті халықтың ұрпағымыз. Бірнеше күннен бері Гүлнұр Нұртаза жайлы ақпарат таралуда. 15 жасында әкесін, 6 ай бұрын коронавирусқа шалдыққан анасын жерлеген қыздың адал еңбектеніп жүргені көпті сүйсінтті. Гүлнұр өзін ТВ саласында немесе модельдік бағытта дамытқысы келеді. Сондықтан осы саладағы сыйлас жандардан Гүлнұрды демеп, қолдап бастамасына себепкер болуын сұраймын. Ақпанның бірі күні Гүлнұр маған хабарласып, ресейлік шоуға қатысты әпкелік кеңес сұраған еді. Сол кезде алғаш рет таныстық. Жақында Гүлнұр Нұртазамен эфир өткізсем бе деймін. Оған дейін жақсы жаңалық дайындағым келеді. Қазақтың намысын ойлаған қызға қазақтың ТВ саласынан жақсы жұмыс бұйырар деген ниеттеміз. Ұсыныстарға ашықпыз" , - деп жазды Әбдікәрімова Instagram парақшасында. 




Көрілген: 2217    Пікірлер: 0

жексенбі, 21.02.2021, 22:25

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30