Өркениет

«Адам ешкімге ештеңені құр сөзбен дәлелдей алмайтыны айдан анық» - Ринат Зайытов

  • «Адам ешкімге ештеңені құр сөзбен дәлелдей алмайтыны айдан анық» - Ринат Зайытов

    «Адам ешкімге ештеңені құр сөзбен дәлелдей алмайтыны айдан анық» - Ринат Зайытов

Үш жүзге сөйлеп жүрген ақындарыңыз екі жүз адамды жұмылдырып жұмыс істете алмаса, оның пайдасы не?
Лауазымды қызметке тағайындалған айтыскер ақын Ринат Зайытов желіде көпке ойсаларлық жазба жариялады. Осы уақытқа дейін талай рет басы дауға қалған Зайытов ендігі кезекте "ақындарыңыз екі жүз адамды жұмылдырып жұмыс істете алмаса, оның пайдасы не?" деп отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол ең алдымен лауазымды қызметке келгенін ресми мәлімдеп, халыққа көкейіндегі сұрақты қойды. 

"Қадірлі ағайын, бүгін Алатау дәстүрлі өнер театрына қызметке тағайындалдым. Жалған сөйлеп, ақталудан аулақпын. Дегенмен де қайда барып, не істесем де барлығы әуелі Жаратушы, сонан соң өмірлік тілекшім, сақтаушым, жанашырым да Халық болғандықтан бір ауыз түсіндіріп өтейін.

Адам бір нәрсеге қабілетті екенін көрсетпейінше, ешкімге ештеңені құр сөзбен дәлелдей алмайтыны айдан анық. Сондықтан маған берілген бұл мүмкіндік бірінші кезекте өзіме сынақ. Үш жүзге сөйлеп жүрген ақындарыңыз екі жүз адамды жұмылдырып жұмыс істете алмаса, оның пайдасы не? Осы сөзбен келісетін шығарсыздар?

Өмірдегі ең үлкен тілегім - өз елімнің бір бұрышында Қазақ өнеріне адал қызмет ету ғана. Оны талай жерде айтып та жүрдім. Міне сол тілегімнің алғашқы күні бүгін өтті. Құттықтау артық. Сәттілік тілесеңіздер алғысым шексіз. Алматы қаласының, мәдениет басқармасының басшылығына сенім білдіргеніне көп рахмет.
Әзірге осылай....", - деп желідегі парақшасында жазды. 




Көрілген: 3732    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.02.2021, 12:33

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30