Өркениет

«Адамдарды пайдаланып кеттік»: Төреғали Төреәлі терең ойға жетелейтін жазба жариялады

  • «Адамдарды пайдаланып кеттік»: Төреғали Төреәлі терең ойға жетелейтін жазба жариялады

    «Адамдарды пайдаланып кеттік»: Төреғали Төреәлі терең ойға жетелейтін жазба жариялады

Желі қолданушылар әншінің жазғанымен келісіп, оған өз қолдауын білдірген.

Әнші Төреғали Төреәлі Instagram парақшасына терең ойлы жазба жариялап, оқырмандарын тәнті етті. Өмір жайлы өз толғауымен бөліскен оның сөздері көпшіліктің көңілінен шыққан. Алайда сынға алғандар да болды, деп жазды NUR.KZ.

"Адамдар сүю үшін, дүние пайдалану үшін жаратылған. Біз дүниені сүйіп, адамдарды пайдаланып кеттік", - деп Тибет елінің рухани көшбасшысы Далай-ламаның сөзін келтірді ол.

Желі қолданушылар әншінің жазғанымен келісіп, оған өз қолдауын білдірген. Алғашқылардың бірі Қайрат Нұртас болды. Өнер иесі аталмыш жазбаның астына қошеметтің смайлын қалдырып кеткен. Одан басқа, Кенжебек Жанәбілов пен Жазира Байырбекова да Төреғалиға тәнті болған.

"Керемет айтылған сөздер. Дүниеге көзіміз тоймайды ғой", "Соны енді түсіне бастағансың ба?", "Ақыл кіре бастаған болар", "Дұрыс айтқансың. Өмір қазір сондай болып кетті" деп жазуда көпшілік.

Кейбір оқырмандар басқа пікір білдірді.

"Өзі туралы шындықты жазыпты", "Дұрыс айтасың, тойларға шығу үшін миллиондар алып, дүниені сүйіп, адамдарды пайдаланып жүрсіңдер" деп жазды олар.




Көрілген: 2128    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.03.2021, 23:49

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Сәуір, 14:05
    Сеңкібай Батыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31