Өркениет

Аида Балаева «Ұлттық Рухани жаңғыру» Ұлттық жобасы таныстырды

  • Аида Балаева «Ұлттық Рухани жаңғыру» Ұлттық жобасы таныстырды

    Аида Балаева «Ұлттық Рухани жаңғыру» Ұлттық жобасы таныстырды

Бүгін Нұр-Сұлтанда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму, Мәдениет және спорт, Білім және ғылым министрліктерінің «Ұлттық рухани жаңғыру» Ұлттық жобасы: негізгі бағыттар» тақырыбында брифингі өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі брифинг барысында Ұлттық жоба Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша әзірленіп, қазақстандық қоғамның мәдениет, ағарту және ұлттық рух деңгейін арттыруға бағытталғанын атап өтті.

Аида Балаева Ұлттық жоба Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бағдарламалық мақаласында айтылған «Рухани жаңғыру» құндылықтарын ілгерілетудің келесі кезеңі болып табылатынын атап өтті.

– Мазмұны жағынан бұл мәні терең, ауқымы өте кең жоба. Бұл – қаншама ғасырлар бойы қалыптасқан халқымыздың мәдени болмысы, тарихы мен тамыры. Сондықтан, әсіресе қазіргі жаһандану кезеңінде оны сақтап қалу, ұрпақ бойына сіңірудің маңызы зор. Бүгінгі ұрпақ бойына «ұлттық код» ұғымын қаншалықты терең сіңірсек – ол біздің ертеңгі ұлт болып қалуымыздың кепілі, – деп атап өтті министр.

Ұлттық жоба үш бағыт бойынша іске асырылады, оларды орындауға бірден үш министрлік қатысады. Құжатқа жеті міндет, 20-дан астам көрсеткіш және 60-тан астам ірі іс-шаралар кіреді.

Бірінші бағыт – елдің зияткерлік әлеуетін және мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру. Ол сапалы контентті ұлғайту арқылы іске асырылатын болады.

Dalanews.kz.




Көрілген: 592    Пікірлер: 0

жұма, 22.10.2021, 15:26

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31