Өркениет

Аиша: "Анам-орыс, шоқынғанмын"

  • © Photo : әлеуметтік желіден алынды

    © Photo : әлеуметтік желіден алынды

Отандық шоу-бизнестегі жарасымды жұлдызды жұптардың бірі саналатын Бүркіт пен Аиша ауқымды сұхбат беріп, ел білмейтін сырларын ашты. Өздеріне қатысты тың мәліметтерді бөлісу барасында әншінің жары кезінде шоқынғанын жайып салды. Аиша отбасын құрар алдында мұсылмандыққа бет бұрып, ислам дінін қабылдаған деп жазады KAZ.NUR.KZ "Карантиндегі отбасы" бағдарламасына сілтеме жасап.

 

Бүркіттің жары өзінің шынайы есімі Виктория екенін айтты. Аиша деген атын ол мешітте ислам дінін қабылдаған кезінде алған болып шықты. Сонымен қатар, эстрада жұлдызының келіншегі анасы орыс болғандықтан кезінде шоқынғанын мойындады.

 

"Аиша деген лақап аты емес. Көбісі қателесіп жатады. Аиша деген бұл мешіттен алған мұсылмандық аты" , - деді Бүркіт.

 

"Мен негізі бұған дейін шоқынғанмын. Менің анам - орыс. Мен отбасын құрар алдында мұсылмандықты қабылдауды шештім. Бірақ, оған дейін мен Айбекпен бірге өнер көрсетіп жүрдім. Сахнада Аиша болып жүрдім, бұл есім өзіме қатты ұнайтын. Мешітке барып, ислам дінін қабылдағанда Аиша мұсылмандық есімім болды" , - деді Аиша.

 

Белгілі болғандай, Аишаның ислам дінін қабылдағанына он жылдан астам уақыт өткен.


 




Көрілген: 7840    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.04.2020, 12:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30