Өркениет

Ақан Сатаев 25 жыл отасқан жарымен неге ажырасқанын айтты

  • Ақан Сатаев 25 жыл отасқан жарымен неге ажырасқанын айтты

    Ақан Сатаев 25 жыл отасқан жарымен неге ажырасқанын айтты

Ақан Сатаев алғаш рет жұбайы Назира Бақаевамен не себепті ажырасқанын айтты. Танымал режиссер балаларының ажырасуға көзқарасы, қазіргі махаббаты жайлы  баяндады, деп жазады Stan.kz. 

Ақан Сатаев пен Назира Бақаева 1992 жылы "Аллажар" фильмінің түсірілімінде танысқан. Бір-бірін ұнатып, біраз уақыт қыз-жігіт болып кездескен екеуі отау құруға бел буған. Бүгінде ортақ некеден туған 5 бала бар. Алайда 25 жылдық неке мен балалары ажырасуға еш кедергі болмады. Сатаевтың айтуынша, бұл – екі жақтың келісімімен болған шешім. 

"Ажырасуда ешқандай жақсылық жоқ. Бірақ өмір қиын дүние болып шықты. Кейде ажырасудан басқа жол болмайды. Солай болып қалды. Бірақ Назира екеуміз бұл мәслересектер сияқты қарадық. Ұрыс-керіс, жанжал деген болған жоқ. Сөйлестік, барлығын таразыға салдық. Мұны балаларымызбен де ақылдастық. Екеуміз айырылысқаннан, Назира –  ана, мен әке болудан қалған жоқпын ғой. Оны ойласып, ақылдастық. Қазір сол келісімнің аясында өмір сүріп келеміз", - деді Сатаев.

Сатаев жұбайымен екіге кеткеннен кейін, Instagram-да пост жариялады. Режиссер мұны қауесеттің алдын алу үшін жасағанын айтады. Сөзіне қарағанда, жол соңында жұбайы екеуі бір-біріне бақыт тілеген. 

– Ал енді бақытыңызды таптыңыз ба? - деген сауалға Сатаев: 
"Айту қиын, бірақ қазір бізге қолайлы. Махаббат бар деуге болады", - деді. 

Киногердің айтуынша, екеуінің ажырасуының себебі қандай да бір сыртқы факторларға байланысты емес. 

"Барлығы Назира екеуміздің қарым-қатынасымызға байланысты", - деді ол. 

Ата-анасының екіге кеткеніне балалар да түсіністікпен қараған. 

Stan.kz.




Көрілген: 1026    Пікірлер: 0

жұма, 03.12.2021, 11:08

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31